“Бекзат” фильмі түсірілуде

e4602IOFОлимпиада чемпионы, белгілі боксшы, марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы тизері жарық көрді.
Қазақстандық танымал режиссер Ермек Шахмет "Бекзат" деп аталатын биографиялық кинофильм түсіруді қолға алды. Фильмде бас кейіпкер рөлін Асылхан Төлепов сомдайды. Режиссер Ермек Шахмет. Фильмнің премьерасы биыл күзге жоспарланған. "Бекзат" фильмінде Асылхан Төлеповтен бөлек, Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа т.б. актерлер ойнайды.
Жасындай жарқ еткен қазақстандық боксшы 20 жасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Сол жылы, 31 желтоқсанда аса дарынды спортшы жол апатынан қаза тапты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓