Менингит тіркелген жоқ

Рудныйда менингококк жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы бүгін қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ольга Крылова мәлімдеді.
Маманның айтуынша, өткен аптада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ата-анасы 6 жасар баланы дәрігерге көрсеткен.
– Дер кезінде қолға алынған сақтық және ем шараларының арқасында аурудың алдын алдық. Бірақ бұл инфекция еліміз бойынша белең алған менингит ауруына еш қатысы жоқ. Сондықтан тұрғындарды артық байбалам салмауға шақырамыз, – дейді ол.
Дәрігер мамандар кеншілер қаласында менингококк жұқпасына қарсы вакцина жеткілікті мөлшерде сатып алынғанын алға тартады. Бастысы, аурудың алғашқы клиникалық белгілерін байқаған жағдайда тұрғындар уақыт создырмай ақ халаттылардың көмегіне жүгінген жөн.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓