COVID-19: +41

30 мамырда Қостанай облысында COVID-19 41 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 22, Рудный қ. – 5, Арқалық қ., Жітіқара қ., Әулиекөл, Қарабалық аудандарында 2 адамнан, Алтынсарин, Амангелді, Денисов, Мендықара, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 39 адамда ауру белгілері болды, 2 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 30 мамыр аралығында COVID-19-ды 15711 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14886.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓