Індет 35 адамнан табылды

4 сәуір Қостанай облысында 35 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 18 тұрғыны, Рудный қ. – 11, Денисов, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Б.Майлина аудандарында және Лисаковс қ. 1 адамнан індетке шалдыққан.
30 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам  коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 8 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы  4 сәуір аралығында COVID-19-ды  13 962 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 12 314.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓