Жаңғыру жолындағы жарқын жобалар 

Бүгін «Нұр Отан» партиясы ҚОФ саяси кеңесінің шеңберінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен селекторлық отырыс өтті. Аймаққа қарасты аудан, қалалардың әкімдері аталған іс-шараға бейнебайланыс арқылы қатысты. Күн тәртібінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасының облыста жүзеге асуы туралы сөз болды. DSC_2606
Өңір басшысының орынбасары Марат Жүндібаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қостанай облысында іске асу барысы туралы баяндама жасаған болатын. Оның айтуынша, 2017 жылы бағдарлама аясында 24 жоба, 2723 млн тенгеге 339 іс-шара ұйымдастырылған. Биыл 131 жоба мен 802 іс-шара өткізілмек. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Рухани қазына» кіші бағдараламасы шеңберінде бір жоба мен 79 іс-шара аяқталыпты. Осындай жарқын бастамалардың арқасында мектеп мұражайларының саны көбейіп, туристік-өлкетану бағытындағы үйірмелер жұмыс істей бастады. Дәл осы «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша биылғы мамыр айында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Рухани жаңғыру» атты жаңадан экспозициялық зал ашылды. «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруға екі жүзден астам бизнес өкілі тартылды. Соның арқасында меценаттардың қаражаты есебінен биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста жалпы құны 172,2 миллионға 21 IT-технология кабинеті ашылды. DSC_2615-Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында жылдың соңына дейін әрбір қала мен ауданда меценаттардың демеушілігімен 1 IT-сынып ашуды ұсынамын. Қостанай және Рудный қалаларының тұрғын санын ескере отырып, екі сыныптан ашуға болады. Осы ұсыныс қолдау тапса, жылдың соңында «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша қосымша 22 кабинет ашылады. Жаңа технологиямен жарақталған мұндай кабинеттердің жалпы саны 43-ке жетеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап, хаттамаға енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтетін іс-шаралардың санына емес, сапасына, мазмұнына тереңірек үңілу керектігін ескертті. DSC_2626-Жуырда Арқалық, Таран ауданы мен Лисаков қаласына жұмыс сапарымен бардым. Алайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы материалдарды көрмедім. Әр музейде бағдарлама туралы шағын материал немесе шағын бұрыш болу керек. Ескірген ақпараттарды жаңартып, үлгілі мысалдарды көбірек насихаттаған дұрыс. Мысалы, біздің облысымызда Қазақстанның киелі орындарының тізіміне енген қаншама нысандар бар. Ол жерлер қайта жаңғырту жұмыстарынан соң тамаша кейіпке енді. Кейкі батырдың кесенесі, Алтынсариннің мовзолейі, Шақшақ Жәнібектің ескерткіші, тағысын тағылар. Барлық аудан, қала осындай құнды жәдігерлерімізбен мақтанып, жас ұрпақ оның тарихын білуі керек. IТ технологиялар кабинетін ашу мәселесіне келсек, ұсынысты қолдаймын. Әзірге, 2018 жылы 43 кабинет ашамыз. 2019, 2020 жылдары кабинеттердің саны артуы керек. Демеушілер қаражатын тарту арқылы кабинеттерді қажетті құрылғылармен қамтамасыз етеміз, – деген облыс әкімі Қостанай қаласында балаларға арналған «Smart City» ашылатынын жеткізді.DSC_2669Қазіргі күні Smart орталығының орналасатын жері анықталған. Жоба аясында балалар біздің елімізден басқа, ТМД аумағында кең тараған ноу-хаулармен танысып, озық инновацияны меңгеретін болады. 
Селекторлық отырыста Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегенов бейнебайланысқа шығып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауданда орындалуы туралы баяндама жасады. Аманкелділіктер бағдарламаны жүзеге асыруды 2017 жылы Байғабыл ауылында бастаған.DSC_2619– «Атамекен» кіші бағытын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі осы елден шығып, қазір сыртта жүрген барша жерлестерімізді кіші Отандарына тартуда жүйелі жұмыстар атқаруда. 2017 жылы Байғабыл ауылында «Жаңғыру көктемі» атты жерлестер форумын ұйымдастырумен бастадық. Форум аясында ауылдың екі қорымы қоршалды. Ауыл кәсіпкерлігін дамыту бойынша дөңгелек үстел өтті. Жерлестеріміздің қатысуымен Үрпек пен Қарасу ауылдарында балалар ойын алаңы ашылды. Мәдениет саласында жетістікке жеткен жерлестеріміз елге келіп, концертік бағдарламалар ұйымдастырып, халықты рухани байытса, денсаулық сақтау саласындағы жерлестеріміз аудандық ауруханада науқастарды тегін қарап, емдеу, кеңес берді. Жерлестерімізбен рухани байланысты нығайта түсу үшін қазіргі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында тұрып жатқан аманкелділік тумалардың басын қосып, «Туған жерге туыңды тік» атты форуым өткіздік. ҚР халық әртісі Әнуар Боранбаевтың туғанына 70 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар ауданымызда кеңінен атап өтілді. Шара барысында Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы аудан тұрғындарына «Сыған серенадасы» спектаклін ұсынды. Бұл қойылым аудан халқына рухани тың серпіліс әкелді, – аудан әкімі Н.Өтегенов. DSC_2688Аманкелді ауданында оқушыларға сандық технология негіздерін үйрету мақсатында демеушілер қаражаты есебінен 8 млн 430 мың теңгеге сандық технологиялар кабинеті ашылыпты. Заманауи кабинет Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте орналасқан. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓