Ойын болса да оңайға түспеді
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өрт қаупі өршитін мерзімге дайындықтарын пысықтау мақсатында «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында орман өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығу өтті. Жаттығуда «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Денисов ауданының Денисов к. №8 өрт сөндіру бөлімінің құралдары мен күштері, МЕӨҚҚ ЖШС «Kst trade», «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ қатысты. Шараға жеке құрамнан 15 адам және 5 бірлік техника тартылды.
Жаттығу шарты бойынша демалушылардың сөндірмей кеткен ошағының салдарынан қылқан жапырақты орман отқа оранды. Желдің екпінімен өрт жоғары жылдамдықпен жайылып орман алқабы периметрі бойынша жақын орналасқан іргелес елді мекендерге қауіп төндірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қамысты орман шаруашылығы мекемесінің мұршасы жетпей, қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Оқиға орнына «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Денисов ауданының Денисов к. №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі, МЕӨҚҚ ЖШС «Kst trade», ерікті өрт сөндірушілер келді. Бірлескен іс-әрекет нәтижесінде өрт оқшауланды. Жаттығу кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттер толығымен орындалды.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында осы секілді жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады. Бөлімшелердің жұмыс дағдылары, олардың дене шымырлығы және адамдарды құтқару үшін басқа қызметтермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі жақсартылады.