Атқарылған іс аз емес

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына барды. Сапар барысында бірқатар өндіріс  ошақтарын аралап, қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Өңір басшысы әуелі "Арқалық құс бройлері" фабрикасының құрылысымен танысты. Бұл инвестжоба 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында өз жұмысын бастайды. Бір жылда 150 тонна шығарса, 2022 жылға дейін жылдық өнім 750 тоннаға дейін жетеді деген болжам бар. Жоба құны – 900 млн теңге. Әзірге 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Құс фабрикасы өндіріс күшін 2022 жылы арттырмақ. Аталмыш серіктестік директорының айтуынша, "Жұмыспен қамутыдың жол картасы 2020" бағадарламсы аясында инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу қажет.IMG_7751 - копияБұдан соң өңір басшысы "Торғай ет комбинатының" құрылыс қарқынын бажайлап қайтты. Комбинат биыл қыркүйек айында іске қосылмақ. Бұл нысан ашылысымен салық түсімі артып, жұмыс орындары көбейіп және тұрақты тауар айналымы болмақ. Инвестор құрылысына қыруар ақша жұмсап отыр. Бас-аяғы 1 млрд теңге. Құрылыс кезінде 60 адам жұмылдырылса, ал комбинатта 120 адам жұмыс істемек.  Қазір мұнда негізгі жұмыстар толығымен аяқталған, тек ауласын қоршап және қойма құрылысы қалды.IMG_7762 - копияОблыс басшысы  «Sercan Investment Group» ЖШС қолға алған инвестициялық жоба – бір мезетте 12 000 тонна астық сақтайтын және өңдеу, кептіру, тиеу жұмыстарына арналған элеватор құрылысына ат басын бұрды. Жалпы, элеватор 11 752,2 тонна бидай, 10 552, 8 тонна арпа, 11 432 тонна жүгері сақтайды.  Құны – 252, 4 млн теңге. Нысан әл-әзір өз жұмысын бастап, 27 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Архимед Мұамбетов Арқалықтағы аймақтық ауруханаға барды. Мекеменің жай-күйі жаман емес, керек жабдықтар бар, жұмысшы жалақылары тұрақы. Тек мамандар жетіспейді. Мәселен, екі травматолог, балалар хирургы және педиатр тапшы. IMG_7715 - копияАрқалыққа арнайы келген Архимед Мұамбетов сапар соңында дарынды актер, Қазақстанның Халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған іс-шаралардың біріне қатысты. Ол театр және кино өнерінің белді өкілі болған Әнуар Боранбаевтың құрметіне, актердің кезінде өзі еңбек еткен, М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының ұжымы ұсынған "Қыз Жібек" қойылымын тамашалады.IMG_7795 - копия-Әнуар – ұлы дарын иесі. Оның сомдаған рөлдері көрермен жүрегінен өшпес орын алды. Мұндай азаматтардың біздің өңірде дүниеге келгені біз үшін мақтаныш. Міне, жерлесіміздің құрметіне Арқалық қаласына келіп отырған М.Әуезов театрының ұжымына және соған қолдау білдірген Қайрат Боранбаев мырзаға мың алғыс. Әйгілі актер Әнуар Боранбаев туралы жазушы Қайсар Әлім жазған "Актер тағдыры" естелігінде кейіпкер былай дейді: "Мені сағынсаңдар, Әкем-театрға барыңдар!" Осынау дарынды азаматты жерелстері сағынды. Әнуар жұртымен, жұрт талантты баласымен қауышып отыр,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. IMG_7860 - копияАталмыш өнер ұжымы Торғай өңіріне келіп, актердің туған ауылы Аманкелді ауданы мен Арқалық қаласында бірталай өнер көрсетпек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓