Білгеннің артығы жоқ
Кәсіби қызметтік дайындық шеңберінде Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандырылған жасағының қызметкерлеріне «Нұр Отан» Рудный қалалық филиалының маманы М.Савельева «Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес» тақырыбында дәріс оқыды.
– «Сыбайлас жемқорлық тұрақты түрде мұқият зерделеуді және жедел қарсы іс-қимыл талап ететін, қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады. Елдегі бар сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды қиындатады, инвестициялық климатқа кері әсерін тигізеді және елдің имиджін төмендетеді. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан президент өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы төртінші индустриалдық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері хатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігінің 9-тармағын атап шықты», – дейді. М.Савельева.
Сондай-ақ, Рудный қ. №1 мамндырылған жасағы бастығының орынбасары Б.Нұрмағамбетов жеке құрамға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін мүлтіксіз сақтау бойынша нұсқаулық өткізді.
Сондай-ақ, қызметкерлерге әдістемелік ұсынымдар, жемқорлыққа қарсы қысқа бейнефильмдер көрсетілді.