Рудный қаласында Корчагин көшесінде бір пәтерде өрт шығып, үй жиһазы өртенді.
Өртті өшіру барысында тілсіз жаудан зардап шеккен 1984 жылы туған пәтер иесі табылды. Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсеткенімен иісті газға уланған үй иесі сол жерде жан тапсырды.