Айыптыға лайықты жаза
Жемқорлық жасап сотталған қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бұрынғы әскери қызметкері капитан Д. Коровиннің ісі Қостанай гарнизонының әскери сотында қайта қаралды. Шығарылған үкім жаңа заңнамаға сәйкес бір ай ішінде айыппұл төлеу міндетімен алмастырылды.
Естеріңізге салсақ, ол заңсыздыққа әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақыртылушылардың жеке істерін ресімдеуге жауапты болып жүрген кезінде барған. Ағымдағы жылдың 25-қаңтарында әскерге шақыртылушы Д.Дәуренбековті 350 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беруге көндірді. Сол күні-ақ Коровин келісілген соманың бөлшегін алып жатқан кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерінің қолына түскен еді.
ҚК-нің 55 бабы бойынша, сот оған 9 544 500 теңге көлеміндегі айыппұл жазасын тағайындады. Сондай-ақ, оның дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
Айта кетейік, айыпталушы осы уақытқа дейін қарызын бар болғаны 50 000 теңгеге жеңілдеткен.
Ж.Балғынбекұлы