“Тобыл” өз алаңында жеңілді (БЕЙНЕШОЛУ)

Петропавлдың "Қызыл-Жар СК" командасымен ойнаған "Тобыл" өз жанкүйерлерінің алдында екінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін "Қайсарға" 0:3 есебімен есе жіберген болатын. 
"Тобыл" мен "Қызыл-Жар СК" ҚР біріншілігінің 13-туры аясында кездесті. Қостанайлықтар қанша тырысқанымен қарсылас қақпасынан саңлау таба алмады. Ал қонақтар бірінші таймның соңына таман өз мүмкіндіктерін жақсы пайдалана білді. Ойын 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голдың авторы – Братислав Пуношевац. Дегенмен, қостанайлық команда 3-орыннан түспеді.  
Ойыншылардың ұлттық құрама ойындарына кетулеріне байланысты ел біріншілігінде аздаған үзіліс. 17 маусым күні "Тобыл" Атырауға қонаққа барады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓