QOSTANAI арнасында – жаңа директор
QOSTANAI облыстық телеарнасының директоры лауазымына белгілі журналист, тележүргізуші Ербол Ипбергенов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға таныстыру үшін "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқармасы төрағасының өңірлерді дамыту жөніндегі орынбасары Серік Егізбаев Астана қаласынан арнайы келді. Бұл туралы ОТРК сайты хабарлайды.Ербол Қуанышұлы Ипбергенов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін аяқтаған. Айтылмыш арнада әр жылдары әртүрлі қызметтер атқарды.
2013 жылы шығармашылық табысы үшін ҚР Әділет министрлігінің мақтау қағазымен марапатталғын. Ал 2014 жылы Қостанай облысы меценаттары клубы тағайындаған "Қазына" сыйлығының лауреаты атанды.
2017 жылдың шілде айынан бүгінгі кезге дейін Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының "Өңірлік коммуникация қызметі" КММ жетекшісі қызметін атқарды.