Дычкоға қарсылас табылды

Жерлесіміз Иван Дычко келесі жекпе-жегін 16 маусымда 32 жастағы америкалық боксшы Майкл Марронеге қарсы өткізеді. Олар АҚШ-тың Флорида штатында қолғап түйістірмек.дычкоо
Дычконың бұл жолғы қарсыласы анағұрлым тәжірибелі. Марроне осыған дейін 29 жекпе-жек өткізіп, 21-ін жеңіспен аяқтаған, оның 15-і нокаут. Бірақ қазақстандық боксшы бәсекелесінің бұл көрсеткіштері еш алаңдатпайтынын айтты. 
Естеріңізде болса, Ваняның бұған дейінгі айқасы 23 наурызда болып, Стефан Кринонды алғашқы раундтың 38-секундында жер иіскеткен еді. Әзірге жерлесіміздің қоржынында бес жеңіс бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓