Жаңа ауданда – жаңа алаң

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласы Юбилейный шағын ауданындағы «Free fitness» спорт алаңына барды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Жастар сарайы мен Мұз сарайы арасындағы аумақта «Free fitness» жаңа спорт алаңы жабдықталған. Аталмыш алаң күшті арттыруға, сондай-ақ бұлшық еттерді жетілдіруге және нығайтуға арналған 23 құрылғыдан тұрады.
Спорт құрылғылары көше тренажерлерінің қауіпсіздік техникасы бойынша мәлімет беретін QR кодпен жабдықталған. Жабдықтар мүмкіндігі шектеулі адамдарға да бейімделген. Қалалықтарға ыңғайлы болу үшін алаңды жауын-шашыннан және күннен қорғайтын шатыр орнату жоспарлануда.
Аумаққа орындықтар мен қоқыс жәшістері қойылды. Енді жарық, бейнебақылау орнатылмақ.
– Бұл спорт алаңы қостанайлықтардың сүйікті орнына айналатынына сенімдімін. Қостанай қаласының әкімдігіне осындай спорт алаңдарын қаланың басқа бөліктеріне орнатуды тапсырамын, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓