Ендігі меже – жетінші орын
"Тобыл" футбол командасының бас бапкері Вардан Минасян мен клуб басшылары жанкүйерлермен бейресми жағдайда кездесті. Футболшылардың кезекті жаттығуы барысында ұйымдастырылған ашық әңгіме кезінде қостанайлық футбол фанаттары көкейлерінде жүрген ойларын ірікпей айтуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу шын мәнінде клуб басшыларының барша жанкүйерлер арасындағы есеп беруі іспетті еді.
Иә, "Тобылдың" соңғы үш жыл бойғы сүреңсіз ойынынан әбден жалыққан жанкүйерлерді бір ғана сауал мазалап жүргені жасырын емес. "Қайтсе, "Тобылды" өрге сүйреуге болады?" Бұл сұраққа клуб директоры Талғат Баймұратов былай деп жауап берді:
– Әзірге келесі маусымға еш-қандай жоспар түзіп отырғанымыз жоқ. Биылғы міндет – жетінші орын алу. Сол үшін команда бар күшін салатынына сенім зор.
Рас, енді жетінші орын алмас-қа амал жоқ. Өйткені, үстіміздегі жылы Премьер-Лига сапынан бірден төрт команданың "ұшатынын" ескерсек, "Тобылға да" тықырдың таянып тұрғаны анық. Өткен жылғы маусымда және биыл кезекті чемпионат басталарда уәде етілген алтылық мәселесі желге ұшқаны көп-шілікке жақсы мәлім. Сондықтан болар, кезінде орталық стади-онға сыймайтын жанкүйерлердің қарасы қазір сиреген. Шындығын айтқанда, қостанайлықтардың "Тобылдан" әбден көңілдері қалды. Олай демеске тағы лажымыз жоқ. Бір емес, екі емес, төрт маусым бойы жандалбасалап, турнир кестесінің төменгі жағында жүру уақытында теңдессіз клуб атанған "То-былға" жараспайтын қылық. 2010 жылы тұңғыш рет өз тарихында Қазақстан чемпионы атанғаннан кейін, мәскеулік Равиль Сәбитов команданың 90 пайыз ойыншыларын клубтан аластатқаны мәлім. Ол кездегі команда құрамы қандай еді! Р.Балтиев, А.Нұрғалиев, Ұ.Бакаев, Ф.Ырысметов, С.Скорых, А.Харабара, И.Юрин, Қ.Нұрдәулетов…, осылай ете беруші еді ғой. Және Қазақстандағы ең мықты футболшылардың бәрі дерлік "Тобылдың" сапында доп тепкендер. Айтпақшы, сол кезде қостанайлық команда құрамында бір мезетте алаңға бес-алты қазақ футболшылары шығатын. Бұл команданың дәурені жүріп тұрған 2002 жылдардан бастал-ғаны естеріңізден кете қоймаған болар?! Н.Жұмасқалиев,Н.Мазбаев, А.Ниязымбетов, А.Нұрғалиев, Е.Нұрғалиев, Қ.Нұрдәулетов, Е.Қуантаевтардың ешкімнен кем доп теппегенін көрдік. Тіпті, 2003 жылы Интертото Кубогы жолындағы кезекті сындардың бірінде Польшаның "Полония" командасына алаң ортасынан гол соққан Нүркен Мазбаевтың жойқын соққысын шетелдік ақпарат құралдары "атақты Пеленің өзі армандаған гол" деп әспеттегенін ұмыта қойған жоқпыз.
Одан кейінгі кездеңдер Қостанай футболы үшін нағыз дағдарыс жылдарына бергісіз болғандығын айтып жатудың өзі артық. Р.Сәбитовтен кейін команданы С.Петренко, В.Грозный тәрізді ресейлік мамандар жаттықтыр-ғаны мәлім. Бірақ, олар да "Тобылды" тасыта алмады". Мәселен, 2011-2013 жылдардағы маусымда команда жетінші, алтыншы орындарды иеленді. Одан әріге дәрмендері жетпеді. Бұған әрине, тек қана бапкерлерді кінәлай беру дұрыс та емес шығар. Қалай болғанда да футбол командалық ойын. Мұнда бір жұдырықтай жұмылып, тер төкпесе, еңбектің бәрі еш кетері сөзсіз. Дегенмен, маусымаралық үзі-лістерде селекциялық жұмыс-тарға аса мән беруде бір "шикіліктің" кеткенін жоққа шығару қиын. Командадан кіл сақа ойыншылар кеткен соң, олардың орнын басқан "жас перілер" "Тобылда" түледі дегенімізбен, клуб пен ойыншылар арасында кейбір түсініспеушіліктер туындағанын қазір жасырудың қажеті жоқ. Әйтпесе, "Тобылға" дейін Премьер-Лигада бар-жоғы бай-қалмайтын С.Гридин, Б.Джолчиевтердің бағын ашқан қостанайлық клуб ақыры олардан неге құтылғанша асықты? Бұл жерде екі футболшының әрекетіне де, клуб басшыларына да бәлендей кінә тағу қисынсыз. "Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды". Қайткенде, қос тараптың арасында дау-шар болғаны анық.
Ал одан кейінгі жылдар көз алдарыңызда. Сол баяғы, жықпа-жығылма кеп. Сүреңсіз ойын. Биылғы маусымның алғашқы кезеңінде (екі айналымдық) жұрт қатарлы 22 ойын өткізген жерлестеріміз бар болғаны алты-ақ рет жеңіске жетіпті. Сегіз ойында тең түсіп, сегіз ойында жеңілген. Қоржындағы 26 ұпай бірінші кезеңді сегізінші орынмен түйіндеуге ғана жетті. "Тобыл" қарсыластар қақпасына 22 доп соғып, керсінше өз қақпаларына 29 доп жіберіп алды. Осыдан кейін енді өздеріңіз саралай беріңіздер.
Енді не істемек керек? Бұған Вардан Минасянның жауабы дайын: Клубта оңды жағдай жоқ. Алаңның сиқы анау, "жібі түзу" футболшылар жоқтың қасы. Ең бастысы команданың инфрақұрылымын дамыту қажет. Футбол орталықтарына жан бітіру, тұма таланттарды тани білуіміз керек. Рас-ау. Армениялық маманның пікірімен келіспеске болмайды. Тақыр жерден тау тұрғызу қиын. Алайда, "бұдан жаман кезімізде де тойға барғанбыз" деген ескі қазақ тәмсілі қайда қалады?! 1999 жылы, екі жыл үзілістен кейін жоғары топқа қайта оралып, арада бірер жыл өткенде ҚР чемпионатының басты көзірлерінің біріне айналған "Тобылдың" ескі дәстүрлері қайда бүгін?! Ешқандай у-шусыз, жергілікті футболшылардың көмегімен-ақ азуы алты қарыс қарсыластарының арынын басқан қостанайлық командаға сол бір "тәкаппар" мінез жетіспей тұрған тәрізді. Әйтпесе, бәлендей оқу-тоқуы жоқ Г.Макаренко, Р.Балбабян тәрізді бапкерлерден бүгінгілердің бәсі төмен деуге тіпті келмейді. Сонда не жетіспейді?
Меніңше, "Тобыл" футболшыларына командалық ойын-тактикалық тәсіл, комбинациялық өрнек кемшін соғып тұрған сияқты. Өзара пас алмасу, алаңда допты алып жүру мәдениеті жетіспейді. Қысқасы, командада өзара түсіністік жоқ. Осының бәрі сайып келгенде нәтижеге әсер етеді. Ал нәтиже жоқ жерде белгілі бір дәрежеге иек арту…, әй, қайдам, бұл енді біздің қолдан келмеді.
Сонымен, алда ҚР Ұлттық чемпионатының Премьер-Лига командалары арасындағы екінші кезеңі басталар сәт алыс емес. Турнир кестесінінің "төрінен" орын алған алғашқы алтылық жүлде үшін таласатыны бесенеден белгілі. Оның өзі күні бұрын шешіліп те қойған тәрізді. Енді "Ақтөбе", "Қайрат", "Астана", және "Шахтер" арасында бәсеке күшеймесе, бәсеңдемейтіні даусыз. Ал жетінші орыннан былайғылар жоғары топта қалуға тырысатыны анық. "Тобылдың" да әлі "талқаны" таусыла қойған жоқ. Дегенмен, "Тобыл" жетінші орын алсын, өзгеміз тұра тұрайық",–дейтін командаларды тағы көріп тұрғанымыз жоқ. Бәрінің де Премьер-Лигада ойнауға қақысы бар. Бәрі де "қылкөпірден" аман-есен өткісі келеді. Бұған енді бағы мен бабы келіскен ғана команда тәуекел ете алады. "Тобылдың" тәуекелі жетінші орын десек, оған енді алдымен уәдені алға салған клуб басшылары жауапты. Әзірге, әліптің артын баға тұрайық, тағы.
О
|
Командалар
|
О
|
Ұ
|
Т
|
Ж
|
Д
|
Ұп.
|
1
|
"Ақтөбе"
|
22
|
12
|
7
|
3
|
34 – 17
|
43
|
2
|
"Қайрат"
|
22
|
13
|
3
|
6
|
39 – 19
|
42
|
3
|
"Астана"
|
22
|
10
|
9
|
3
|
34 – 17
|
39
|
4
|
"Шахтер"
|
22
|
11
|
3
|
8
|
33 – 27
|
36
|
5
|
"Ордабасы"
|
22
|
10
|
5
|
7
|
24 – 22
|
35
|
6
|
"Қайсар"
|
22
|
8
|
8
|
6
|
23 – 23
|
32
|
7
|
"Жетісу"
|
22
|
7
|
6
|
9
|
15 – 18
|
27
|
8
|
"Тобыл"
|
22
|
6
|
8
|
8
|
22 – 29
|
26
|
9
|
"Ертіс"
|
22
|
6
|
6
|
10
|
28 – 35
|
24
|
10
|
"Атырау"
|
22
|
6
|
6
|
10
|
19 – 27
|
24
|
11
|
"Тараз"
|
22
|
5
|
4
|
13
|
20 – 32
|
19
|
12
|
"Спартак"
|
22
|
3
|
5
|
14
|
16 – 41
|
14
|
Айбек
КӘДІРҰЛЫ