Қазақстандықтар отандық эстраданы және өзін-өзі жетілдіруді таңдайды

«Кселл» компаниясының Mobi music пен Bookmate қызметтерінің жазылушылары қазақстандық музыканы және өзін-өзі жетілдіру кітаптарын таңдайды.  Компанияның деректеріне сүйенсек, 395 қазақстандық орындаушылардың ішінен ең танымал үштікке Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас және Қанат Үмбетов кірді. Дәл осы әртістердің әндерін жазылушылар басқа әншілерден гөрі жиі тыңдайтын болып шықты. Вижуал
Іріктеп алынған дайын музыканың ішінен Mobi music-те ең танымал ол  – «Хиты дня», «Хит-парад казахстанской музыки» және «Домашний уют» қызметтері. Жанрларға тоқталатын болсақ, жазылушылар іздеу жүйесінде pop-музыкасын, рэп, хип-хоп және қазақстандық әуендерді жиі іздейді екен. «Кселл» компаниясының деректері бойынша, орта есеппен алғандабір пайдаланушы күніне 43 ән тыңдайды – ол қызметте күнделікті екі сағат отырады дегенді білдіреді. 
Bookmate электронды кітапханасының жазылушылары арасында психология мен өзін-өзі жетілдіру әдебиеті аса танымал. Алайда соңғы айдың ең танымал кітаптары австралиялық жазушы Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» романы мен израильдік профессор Юваль Ноа Хараридің «Sapiens: Краткая история человечества» жұмысы болды. Орта есеппен алғанда «Кселл» абоненттері «кітапханада» күніне 66 минут өткізеді. Олар кітаптарды көбінесе iPhone 6 смартфонының көмегімен оқиды.
Mobi Kino қызметінің жазылушысы фильмдер мен сериалдарды көруге шамамен айына 180 минут уақытын жұмсайды. Оған оның 3 ГБ-тан астам трафигі кетеді. Бұл қызметтің жазылушыларында ең танымал сериалдар арасында «Игра престолов», «Мир дикого запада» және «Маша и медведь» мультфильмін атауға болады.
Mobi TV қызметінің жазылушылары көбінесе сериалдар, реалити-шоу және жаңалықтарды көргенді қалайды. Отандастарымыздың арасында ең танымал шоу ол «Қалаулым» және «Кухня» сериалы. Сонымен қатар, қазақстандықтар «Еуразия бірінші телеарнасы» мен «31-арнаны» көп көреді.
«Кселл» АҚ-ның басты атқарушы директоры Арти Отстың сөзіне сүйенсек, 2017-ші жылы компанияның мобильді қызметтерге жазылушылар саны 2016 жылға қарағанда 4,5 есе өскен. Қазіргі таңда олардың саны 526 мың жазылушыларға тең.   
«Сандық контент, деректерді тапсыру және пакеттітарифтерімен бірге біздің компанияның қаржылық кірісінде басты рөлді атқарды. Біз көріп отырғандай, Қазақстанның телеком нарығында ең маңызды әрі өзгерісті кезең келді – дыбысты байланыстан деректерді тапсыруға көштік. Бұл әлемдегі IT өндірісінің дамуына қолдау көрсетіп отырған қалыпты жағдай.
«Кселл» компаниясы осы салада жетекші болып, өзгерістерді дұрыс бағыттап, сандық операторға ауысып, сандық контентті белсенді жетілдіру үстінде. Бұл нарыққа, ең бастысы біздің абоненттерге қазіргі таңда шынымен қажетті дүние», – деп білдірді Арти Отс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓