Жұмыс қайта жанданды

25 мамырда Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында автоқызметтер қолжетімсіз болды. Бүгінде мәселе оң шешімін тауып, барлық автоХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істей бастады.

«Біздің әріптестеріміз жүйелердегі ақауларды жойды. Ол өте күрделі ақау болды және Ішкі істер министрлігінің мамандары мәселені мүмкіндіктерінше тезірек шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізді. Бүгін таңертеңнен бастап біздің автоХҚОлар штаттық режимде жұмыс істей бастады. Біз өткен күндер ішінде жиналған барлық өтінімді жедел өңдеуге тырысамыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» – деді Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓