Мәселе жуырда шешіледі
Жаңадан бой көтеріп жатқан "Юбилейный" шағын ауданындағы 24-ші үй былтыр ғана пайдалануға берілген болатын. Арада көп уақыт өтпей тұрғындары коммуналдық мәселелері бойынша әкімдікке шағым түсірді. Өйткені аталған үйдің тұрғындары әлі күнге көгілдір отынсыз отыр. Оның үстіне, тұрғын үйде ыстық су, жылу жүйесі де дұрыс емес.

"Бұл мәселемен тапсырыс берушілер өздері айналысып жатыр. Бізге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айында газ беру тетіктері толық орнатылып болды. Жуырда тұрғындар толық қоныстанып болды деген ақпарат алдық. Ыстық су, жылу мәселесіне келсек, құрылысқа жауапты компаниялардың тарапынан қателік кеткен. Бүгінде бітелген құбыр желілері толық тазартылып, қалған жұмыстары реттелді", -дейді бөлім басшысы.
Айбек Ғалымұлы.