Жас полицейлер слеті өтті
Жас тәртіп сақшыларының 10 пайыздан астамы – учаскелік инспектор, 7 пайызға жуығы – әмбебап полиция, 2,5 пайызы – криминалды полиция, 3 пайызға жуығы – тергеу бөлімдерінде қызмет етіп келеді. Бұл туралы ҚР ІІМ кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Р.Құрымбаев Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында жас тәртіп сақшыларымен өткен кездесу барысында айтты:
– Ішкі істер органдарында басты жүйе – жоғары білікті кадрлық құрам жасақтау. Оған аса назар аударылып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы да, Ішкі істер министрі де әлденеше рет айтқан болатын. Себебі, соңғы уақытта ішкі істер саласында орта жастағылардың қатары көбейіп кетті де, олардың жас буын тәрбиелеу жұмысы тоқтап қалған еді. Енді, міне, сол орта буын өкілдері жас полицейлердің тәлімгері болып, оларды қарамағындағы тәрбиеге алды. Бұдан нақты нәтижелер көріп отырмыз, – деді ол.