Құпия мәліметтерден айырылды
Қостанай гарнизонының әскери сотына ҚК 458-бабының 1-бөлігінде (мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар жеткізушілерді абайсыздықтан жоғалту) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталып, сотқа Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметшісі аға сержант Р. Әбеновқа қатысты қылмыстық іс түсті.
Ол 16-17 тамыздың аралығында Рудный қаласында өз кабинетінде, мемлекеттік және әскери құпиялардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты тұлға болған кезінде, ҚР-сы Қорғаныс Министрі бұйрығының көшірмесінен айырылған үшін айыпталды. Оның ішінде әскери сипаттағы құпияға жататын мәліметтер болған еді. Құжат осы күнге дейін табылған жоқ.
Алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан кезінде Әбенов өз кінәсін толық мойындады.
Іс бойынша бас сот талқылауы 15 қарашаға тағайындалған.