Тілсіз жау құрбаны

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 16 мамыр күні Қостанай қаласында Таран көшесіндегі үйдің бір пәтерінде асүйде өрт шықты. Терезе жақтауы мен жиһаз отқа оранды. Өртті өшіргеннен кейін 1980 жылы туған ер адам табылды. 3-4 дәрежелі күйік жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша тұра алмады. Өрттің шығу себебі анықталуда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓