Жоспар неге орындалмады?

Облыс әкімдігінде өткен кезекті кеңейтілген  аппарат кеңесінде 2017-2021 жылдары агро-өнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру туралы мәселе талқыға түсті. Жағдайды баяндаған облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімов есепті кезеңде жоспарланған төрт индикатордың үшеуі орындалғанын айтты. DSC_7765Тек, азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сату көлемі 2015 жылғы көрсеткіш деңгейінде қалып қойған. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберіндегі 45 көрсеткіштің отыз үші ғана нәтиже беріпті. Қалған он екісінде қозғалыс жоқ. Шағын және орта кәсіпкерлікті ауылшаруашылығы кооперативтеріне тарту арқылы ет өндірісін алға бастыру мандымай тұр. Мәселен, 2035 тонна ет өндіру қажет болса, жоспар 15%-ке ғана орындалған, яғни, жыл бойына 300 тонна ет өндірілген. Дегенмен, мамандардың бұған айтар өз уәждері бар. Өткен жылы кооперативтер 6,3 мың қара мал сатып алды. Олар қазір семіртіліп жатқан көрінеді. Етке алғашқы жартыжылдықта тапсырылмақ.DSC_7777
 Д.Әбдікәрімовтің айтуынша, отандық тауарлармен ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп,  экспорттық  әлеуетті ұлғайтуға бағытталған 29 көрсеткіштің алтауы орындалмапты. Тағы да сандарды сөйлетейік. Өткен жылы 191 мың тонна картоп дайындау қажет болса, оның көлемі жыл аяғында 174,8 мың тоннаға ғана жеткен. Мұның да өзіндік себептері бар болып шықты. Былтыр 10 мың гектар алқапқа картоп дақылын отырғызу көзделген, алайда, көкөніс бар болғаны 8,9 мың гектарға ғана егілді. Яғни, 1,1 мың гектары кем.  Әсіресе, Қостанай және Қарабалық аудандарынының ауылшаруашылық құрылымдары қаржы жетімсіздігінен егістік көлемін қысқартқан. Сондай-ақ, сыртқа көшіп кетушілердің салдарынан жекеменшіктің иелігіндегі 700 гектар алқап та тусырап қалды.
Бірақ, облыс тұрғындары картоптан қағажу көрген жоқ. Былтыр облыста 175 мың тонна картоп өндірілген. Гектар берекелілігі 196 центнерден айналды. Осылайша, тұрғындарға қажетті 62 мың тонна өнім толығымен өтелді.
Жалпы, облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы саланы дамытудағы негізгі көрсеткіштер мен кемшін тұстарды жан-жақты саралап көрсетті. Ол былтырғы жылдың бедеріндегі кем-кетікті үстіміздегі жылы толтыруға уәде етті.DSC_7788Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жағдайға бұлай жүрдім-бардым қарауға болмайтындығын ескертті. Аудан, қала әкімдеріне басқа өңірлерге барып, ол жақтағы еңбекке жарамды азаматтарын облысқа шақыру қажеттігін айтты. Оңтүстіктің халқы, бақша өсірудің қыр-сырына қанық. Сондықтан, бұл жұмысты ұдайы жүргізіп отырған жөн деді ол.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓