Ashyq балаларға да ашық
Қазақстанда Ashyq қосымшасын 12 жастан үлкен балаларға қалаулары бойынша пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Облыс әкімдеріне, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшыларына, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) құзіретке сәйкес шара қабылдауы керек және жасы 12-ден асқан балалардың компьютер клубтарына, цирктерге, кинотеатрларға, балалар сауықтыру орталықтарына кіруіне, оларды облысаралық және қалааралық туристік тасымалдауға Ashyq қосымшасы арқылы рұқсат етілсін", – делінеді бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов қаулысында.
Бұл норма басқа да платформаларға тарайды, мәселен, аналогтары eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформаларында, ashyq.kz сайтында орналастырылады.
Айта кетейік, елдің бас санитарлық дәрігері қол қойған жаңа қаулыда қалаларда ( Алматыдан басқа) ШОБ нысандарына Ashyq жобасы арқылы демалыс күндері де жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, төмендегідей шектеулер бар:
-
Ashyq қосымшасында "жасыл" статусқа қызметкерлері бар мекемелер ғана жұмыс істейді;
-
Мекемеге де "жасыл статусы бар азаматтар ғана кіре алады.
Естеріңізге салайық, "жасыл" статус адамның екпе алғанын, соңғы 7 күн аясында ПЦР-анализ тапсырғанын, сонымен қатар коронавируспен ауырып, үш ай ішінде емделіп шыққанын білдіреді.