Қаржы қайта есептелсін!

-Дегенмен, бүгінгі таңда жөндеу қажет ететін нысандар да бар. Мәселен, Әулиекөл ауданындағы «Достық», Қарабалықтағы, Лисаковтағы «Алые паруса», Жітіқара ауданындағы «Арман» лагерлеріне күрделі жөндеу жүргізу керек. Әзірге Жітіқарадағы «Арман» мен Лисаков қаласының іргесіндегі «Алый парус» лагерін жөндеу үшін 256,5 млн теңге және 377,4 млн теңге қажет,-деді өз баяндамасында Б.Даумова.
Бірақ, бұл облыс басшысының қарсылығына тап болды.
-Сіз атаған мына қаржыға 280 орындық жаңа бала-бақша салып алуға болады. Ол жыл бойы жұмыс істер еді. Ал үш ай ғана жұмыс істейтін лагерьге осыншама ақша жұмсауымыз дұрыс па? – деді өңір басшысы. – Меніңше, мұны ешкім бақылап отырған жоқ. 377 млн теңге ақшаға сонда не істейсіңдер? Көп болса, қас бетін жлтыратып қоярсыңдар. Ешкімге қажеті жоқ субұрқақ жарарсыздар, бәлкім. Немесе төсемтас төсерсіздер. Бұл деген күлкілі емес пе?! Тіпті, ондағы бетон тастар кеңес уақытында төселсе де әлі жарамды. Сондықтан, қаржыны желге шашуға болмайды. Жобаны қайта қарау керек. Мен оның барынша төмен бағаланғанын қалаймын.
Облыс басшысы бұл мәселені алдағы уақытта қайда қарау қажеттігін айтты. «Балалардың жазғы демалысын лайықты өткізу үшін мұндай лагерьлер керек. Бірақ, оны қыруар ақша жұмсамай-ақ, жөндеуге әбден болады»,-деді А.Мұхамбетов.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Cуретті түсірген Бағдат Ахметбеков