Қостанайдың ең сұлу аруы анықталды

Қостанай қаласында «Қостанай аруы-2017» байқауы өз мәресіне жетті. 
Негізі қараша айындағы қаралымда 45 ару іріктелген. Олар байқау барысында құрылған «Модель мектебінен» дәріс алып, үздіктері шешуші кезеңге жолдама алды. Сөйтіп, Қостанайдың ең сұлуы 18 қатысушының арасынан анықталды.20171126224826Биыл байқау талаптары да өзгерді. Қыздардың жасы 17-ден кем емес және бойы 169 сантиметрден асуы тиіс болды.
Сонымен, «Қостанай аруы-2017» атағын 18 жастағы Зарина Тоқтыбаева жеңіп алды. Оның бойы – 173 см.
«Әрине, шешуші кезеңде біраз қобалжыдым. Расымды айтсам, мен жеңемін деп те ойламадым. Кілең сұлулар қатысып отырған байқаудың үздік бестігіне енсем де шүкір дер едім. Дегенмен, сәттілік жолдас болды. Мен – Қостанай облысының бірінші аруымын», – деді Тоқтыбаева өз сұхбатында.??????????I-вице-мисс болып  Томирис Көшеғұлова танылды. Үздік арулар қатарын 19 жастағы Сағыныш Нұрышева қорытындылады.
Енді Зарина облыс намысын Астанада өтетін республикалық байқауда қорғайтын болады. FullSizeRender-26-11-17-10-22-2

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓