Қашықтан өткен соңғы қоңырау

Бүгін Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Асқақ арманмен жарқын болашаққа» атты мерекелік іс-шара онлайн форматында өткізілді.сайт111111

Биыл Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 613оқушы бітірді. Олардың 120 мектеп түлегі болса, 3 үздік үлгідегі аттестатқа және 3 Алтын белгіге үміткер. Бүгінгі таңда түлектердің 59 оқушысы шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарына шақырту алса, 10 оқушы Назарбаев Университетіне түсті, қалғандары отандық оқу орындарын таңдады.
Осы салтанатты жиында ата-аналар, мектеп ұстаздары мен бірге мектеп директоры түлектерге өз ізгі ниетпен тілектерін білдірді.
Онлайн жиынның сәнін келтірген түлектердің бейнежолдаулары соңғы қоңырау шарасына өзгеше бір реңк берді.Түлектеріміздің ұстаздарға деген алғыстары соншалық, өз сөз кезектерінде мұғалімдерге сыйлық жасады.
Биылғы оқу жылы мектеп үшін ерекше болды, жыл бойында бірнеше маңызды шара атқарылып, жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтатын болсақ, қыркүйек айында мектебіміз аккредитациядан сәтті өтті, оқушылар Зияткерлік мектептер желісінде республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, «Ең үздік команда – 2019» атағына ие болды, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында 3 алтын, 1 күміс медаль мен жүлделі орындар алды. Оқушыларымыз Балттық ғылыми-инженерлік сайысында 1-орынға ие болды. 11-сынып оқушысы Виктор Ковальчук өз жұмысын рәсімдеп, авторлық құқықпен қорғалатын куәлігін алды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анастасия Бармина республикалық «Педагогикалық идеялар фестиваліне» қатысып жүлделі 3-орынға ие болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓