Жеткіншек мүрдесі дабылды
Қостанай облысының Қарасу ауданында кәмелеттік жасқа толмаған баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылды. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Арнайы жедел із кесу тобы құрылды. Оның құрамында Қарасу аудандық ІІБ мен облыстық ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлері бар»,- деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Ведомствода мәлім етілгендей, бұл факті ІІД қызметкерлерінің толықтай бақылауына алынды. Басқа деректер белгісіз.