Архимед Мұхамбетов: “Өңірде медицина мамандары жетіспейді”

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында болашақ студенттерге қарастырылатын гранттар көлемін мәлімдеді.

– Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білімі бар мамандар даярлау үшін қаражат бөлінеді. Өткен жылы техникалық, технологиялық және педагогикалық мамандықтарға 41 грант бөлінсе, биыл 200 грант қарастырып отырмыз. Ондағы 100 грантты медицина мамандығына бөлеміз, себебі біздің өңірде медицина мамандары жетіспейді. 60 грантты педагогика саласына береміз және 40 грант – ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінеді, – деп түсіндірді Архимед Бегежанұлы.

Облыс әкімі Қостанайда медициналық жоғарғы оқу орны болмағандықтан болашақ дәрігерлерді Астана мен Қарағандыдағы оқу орындарынан іздестіргенін айтты.

– Жақында ғана Қарағандыдағы интерн-студенттермен келісімшарт жасастық. Олар 2 жыл біздің грантпен білім алады да, 5 жыл Қостанай өңірінде жұмыс істеуге міндеттеледі. Жалпы қазіргі уақытта Қостанай өңіріне, әсіресе Торғай жаққа 250 медицина маманы қажет. Сондықтан, грант санын жыл сайын көбейте бермекпіз, – деп өз сөзін түйіндеді әкім.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓