Киелі жерлерге саяхат
Қостанай оқушылары жазғы демалыстарын тарихи және киелі орындарда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттемей ұлттық кодты сақтау мүмкін емес, бұл – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізі. Мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде 9 мың бала үшін тарихи және киелі орындарға 600 экспедиция, 2 мың бала үшін 57 экологиялық-туристік алаңдар ұйымдастырылады. Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім беру мен тәрбие жүйесін толықтай қамтып, туған жерге, тарихи мұрамызға ерекше құрмет қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде», – деді Архимед Мұхамбетов.
Сонымен бірге, әкім облыста «Менің Отаным – Қазақстан» туризм мен өлкетану ресурстық орталығы құрылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда Орталық 20 электронды экскурсиялық маршрут жасап шығарған.