Рухани жаңғыру бастауы – тәрбие
Жуырда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға облыстың ардагерлер ұйымдарының ат салысуы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Ауқымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев пен қала әкімінің орынбасары Айдар Құсайынов қатысты. Басқосудың тізгіншісі облыстық ардагерлері кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин күн тәртібіндегі тақырып туралы аз-кем мағлұмат берді. Содан кейін баяндамашыларға кезек беріп отырды. Алғаш болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев ардагерлер қозғалысының белсенді жұмысына ризашылығын білдірді.-Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына бір жыл толды. Содан бері елімізде, Қостанай облысында қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстарға ардагерлер ұйымдарының қосып жатқан үлесі зор. Облыстық ардагерлер кеңесі – 629 бастапқы ұйымнан тұратын және 100 мыңнан астам адамды біріктіріп отырған беделді де ірі ұйым. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сіздердің атқарған жұмыстарыңыздың маңызы орасан зор. Сіздер бастамашы болған «Даналық мектебі», «Ұрпақтар сабақтастығы» сияқты жобалар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, үлкенді құрметтеуге үндейді. Аға буынға деген қамқорлық біздің халқымыздың ұлттық брендіне айналғандай. Өйткені, бата алу, жасы үлкеннің жолын кеспеу, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет сияқты ғасырдан-ғасырға жалғасқан өмірлік қағидалар тек қана қазақ халқында бар. Осындай аса құнды тәлім-тәрбиені жас буынның бойына сіңіріп жүрген ардагерлердің еңбегі ұшан-теңіз –деді М.Жүндібаев өз сөзінде. Бұдан кейін мінберге шыққан Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Хорьяков бір жылғы атқарған жұмыстардың нәтижесін ортаға салды. Осы жиында Арқалық қалалық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Ана –дария» және «Қазыналы қариялар» мектептері көпшілікке үлгі ретінде айтылды.
-Рухани жаңғыру дегеніміз – салт-дәстүріміздің жас ұрпақтың жадында берік орнауы. Осы мақсатта біздің, Арқалық қаласындағы ардагерлер кеңесінің жанынан үш жыл бұрын «Ана – дария» және «Қазыналы қариялар» мектептері ашылды. «Ана – дария» мектебі қыз бала мен келін тәрбиесін, ене өнегесін насихаттау мақсатында, ал «Қазыналы қариялар» мектебі ер азамттарды отбасын, Отан қорғауға баулиды. «Отан – отбасынан басталады» деген халық мақалының мәнісіне терең үңіліп көрдіңіз бе? Ер азаматтар отбасын, анасын, қарындасын, өмірлік жұбайын қалай қорғаса, Отанын да солай қорғаған. Мінекей, осындай мағыналы да мәнді ақыл-кеңестерді үйрету аталған екі мектептің негізгі мақсатына айналған,-деді Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғаппасұлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ