БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ – ЖАҢА ПӘТЕР
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" Қостанай облыстық филиалы да осыдан тоғыз жыл бұрын ашылған болатын. Сол ашылған жылдардан бері тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша жиырма мыңнан астам келісім жасалып, салымдар сомасы 8,5 млрд. теңгені құраған. Қазіргі уақытта банк филиалы өз салымшыларына пәтер сатып алуға, үй салуға, пәтер жөндеуге және оны ауыстыруға мүмкіндік беретін "Бастау", "Өркен", "Кемел" және "Болашақ" атты төрт тарифтік бағдарламаны ұсынып отыр. Баспана жағдайын жақсартуды қалаған салымшы қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты өзіне ыңғайлысын таңдай алады. Бұған қоса, банк бүгінде "Қолжетімді баспана–2020" бағдарламасының да маңызды екі бағытын жүзеге асыруда.
Аталған бағдарламаны халыққа кеңінен түсін-діру мақсатында филиал қызметкерлері ашық есік күнін өткізді. Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, үздік клиенттер де марапатталды. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.Бекенов, ҚР Ұлттық Банкі Қостанай облыстық филиалының директоры М.Жұмашев, "Компания Ерлан" серіктестігінің басшысы Т.Жайлаубаев құттықтау сөз сөйлеп, банк қызметкерлерін халықтың игілігі жолында аянбай еңбек ете беруге шақырды. Сондай-ақ, филиал директоры Д.Саудабаев пен "БК Строй" компаниясының директоры И.Ким әріптестік меморандум-ға қол қойды. Ал, банк қызметкерлері жиналғандарға Елбасының тапсырмасы бойынша жү-зеге асырылып жатқан бағдарламаның артықшылығына тоқталып, бұл бағдарламаның тұрақты табысы бар әр адамның баспанаға ие болуына мүмкін-дік беретіндігін де ерекше атап өтті.
– Бүгінгі таңда тұрғын үй-құрылыс жинақ ақша жүйесі өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бұл халық үшін тиімді әрі қолжетімді жүйе. Ал "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" аталған бағдарламаны елімізде жүзеге асыратын жалғыз қаржы институты. Тек, биылдың өзінде біздің қостанайлық салымшылар өзде-рінің депозиттік есеп-шоттарына 3,5 млрд. теңге жинады. Сегіз жылдың ішінде біздің филиал арқылы жалпы сомасы 10 млрд. теңге заем берілді. Бұл қаржы клиенттеріміздің пәтер сатып алуына, пәтерді жөндеу жұмыстарына, үй салуға, сонымен қа-тар басқа банктегі ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға жұмсалды, – дейді филиал директоры Дәурен Саудабаев.
Оның айтуынша, "Қолжетімді баспана – 2020" бағдарламасының бірінші бағыты бойынша несиесін төлеп құтылуға қабі-леті бар кез келген адам аталған банкке өтініш бере алады. Сонымен қатар, екінші бағыт бойынша жас отбасылардың да үйлі болуына мүмкіндік бар. Тұрғындардың барлық санатына арналған бағыт аясында былтыр облыс орталығындағы Маяковкий, Быковский, Гашек, Чкалов және Қайырбеков көшелерінің бойында салынған тұрғын үйлерден 276 пәтер тапсырылған. Биыл тағы да 244 отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Жалпы, бағдарлама бойынша жас отбасыларды да пәтермен қамту жақсы жолға қойылып келеді. Бүгінде осындай жас отбасылар үшін Әуежай шағын ауданында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй-лердің де құрылысы қыза тү-суде. Биыл 159 жас отбасы пә-терге қол жеткізсе, жыл ая-ғына дейін тағы да 105 пәтерді тапсыру жоспарланып отырған көрінеді.
Банк коммерциялық мақсатта да көп пәтерлі тұрғын үйлер салумен де айналысады. Осы мақсатта, жаңа қала, сол-түстік-батыс шағын аудандарындағы жаңа үйлерден баспаналы болуды армандайтындар тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашуларына болады.
Қарлығаш
ОСПАНОВА
СУРЕТТЕРДЕ: ашық есік күнінен көріністер.
Суреттерді түсіргендер автор және Б.АХМЕТБЕКОВ.