Архимед МҰХАМБЕТОВ: “Торғай геоглифтерінде, Қамысты ауданының археологиялық ескерткіштерінде ғылыми-зерттеу экспедициялары жүргізіледі”

Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы туралы журналистермен брифингі басталды. Облыс басшысы бағдарламаны сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін өңірлік комиссияның құрылғанын айтты.6a659fc9-7f28-448a-ae0f-644b936b1574–  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыста арнайы сарапшылар кеңесі, жобалар бойынша жұмыс топтары және жобалық кеңсе жұмыс істейді. 2017 жылы аталған бағдарламаня іске асыруға жалпы құны 2,7 млрд теңге болатын 24 кіші жоба, 339 іс-шара бағытталды. Оған жергілікті бюджеттен 29 млн теңге қаратсырылды. Биыл жалпы құны 4,5 млрд теңге болатын 85 жоба, 46 кіші жоба, 801 іс-шара іске асырылмақ. Оның 270,5 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлңгеді. Ал меценаттар есебінен 4316 млн теңге қаржыны игеру көзделген, – деді Архимед Бегежанұлы.
Өңір басшысы мамандандырылған ақпараттық технологияар мектеп-лицей-интернатын ашу үшін облыстық бюджеттен 178 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Жоба биыл 1 қыркүйекте іске қосылады. Бұл мектептің мақсаты – балаларға 3D-модельдеу, дербес сайттарын, WEB-қосымшаларын жасауға баулу, ағылшын тілінде ақпараттық технологияларға үйрету.
Сондай-ақ, осы жылы өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу жұмыстары жалғасын табады. Архимед Мұхамбетов айтқандай, Торғай геоглифтерінде, Қамысты ауданының археологиялық ескерткіштерінде ғылыми-зерттеу экспедицялары жүргізілмек. Бұл жұмыстарға 4,6 млн теңге бөлінген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓