Жастардың рухы көтерілген күн немесе Тәуелсіздік күніне арналған тағылымдық кештің ғибраты

IMG-20141210-WA0005Халқымыздың өмірінде  айрықша орын алатын мерекенің қарсаңында Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің бастамасымен облыстық қажылар қауымдастығының, "Зекет" қоры өкілдігінің және Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қолдауымен үлкен кеш болып өтті.
Алдымен осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған КМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі және облыстық Марал ишан мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы барша жиналған қауымды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.
Сондай-ақ жастарға дін мен дәстүр және дін және имандылық деген тақырыптарда өзіне тән шеберлікпен уағыз-насихат айтты. Оны осында бас қосқан зиялы қауым мен студент жастар зейін қоя тыңдады.
Осы мейрамға арналған бейнематериалды КМДБ-ның жанындағы "Зекет" қорының Қостанай облысындағы өкілі Жақсылық қажы Ғайсин жан-жақты таныстырып, тәуелсіздіктің біз үшін маңыздылығы мен мәніне тоқталды.
Қостанай жұртшылығына танымал қаламгер, талай республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Ақылбек Шаяхметтің тебірене сөйлеген сөздері де жүректерді қозғады.
Қостанай инжинерлік экономикалық университетінің жастар арасындағы жұмыс бөлімінің басшысы  Анатолий Пермяков Тәуелсіздік күніне байланысты жұртшылыққа шынайы лебізін білдірді. Жастарға еліміздің тірегі де өздері екендігін жеткізді.
Көптеген айтыс ақындарын даярлап, өзі де айтыс өнерінде ерекше қолтаңбасын қалдырған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлфия Орманшинаның сөзі мен тәуелсіздік күніне арналған жыр толғауы да жиналғандардың есінде қалды.
Денсаулық саласының білікті маманы, облыс орталығындағы неврологиялық интернатының директоры Назима Асанова да өзінің іскерлігімен көзге түскендердің бірі. Оның тебіреніске толы пікірлері де қатысушыларға ой салды.
Мереке тарту-таралғысыз болмайды. Облыстық мешіттің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбектің қолдауымен 19 балаға ақшалай көмек берілді. Сондай-ақ тәрбие мекемесіне 2 кілем тапсырылды. Осы тағылымдық кешті өткізуге университет ректоры Сәбит Есмұратов мырза демеушілік жасады.
Осынау игі әрі ғибраты мол шараның соңында  Сайлаубай қажы Молдаш жиналған қауымға ақ батасын берді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓