ТЖД қызметкерлері онлайн режимінде сабақ өткізді
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы кезінде оқушылардың қауіпсіз болуларын тәрбиелеу, өз өміріне және қоршаған ортаның өміріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында Қостанай облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандарымен «Абайла, мұз жұқа», «Үсу кезінде алғашқы көмек көрсету» тақырыптарында интерактивті сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: балаларға жұқа мұздың қаупі жөнінде, күзгі мұздың қалыптасуы мезгілінде қауіпсіздік шаралары, сонымен бірге үсік шалған жәбірленушіге «Жедел жәрдем – 103» жеткенше дейін көмек көрсету шаралары туралы жеткізу.
Қостанай облысының 90 оқу мекемесінің 2520 оқушысы интерактивті сабақты онлайн жүйесінде көрді. Сонымен бірге сабаққа Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары қатысып, олармен алған білімдер сұрақ-жауап жүргізу арқылы бекітілді. Оқыту жүрісін оңтайландыру үшін әр сөз сөйлегенде слайд материалдары ұсынылды, үсік жөнінде бейнефильм көрсетілді.
Қостанай облысы ТЖД АҚ басқармасы