Тың технология Тобыл өңірінен басталады

Қостанайда "Ақылды сүт фермасы" апталығы басталды. Оны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жариялады. Шараға Австрия елінен сарапшы мамандар арнайы шақырылған.IMG_0433
Әлемдік деңгейдегі мамандардың Тобыл өңіріне келгендегі мақсаттары – "Садчиков" ЖШС-ін "Ақылды сүт фермасы" бағдарламалық-аппараттық жүйесіне қосу жобасына қатысу. Сондай-ақ, олар аталмыш сүт-тауарлы ферманың қызметкерлеріне жаңа құрылғыны қолдану жолдарын үйретпекші. Австрия елінен келген өз істерінің білгірлері – Франц Цехнер мен Эльвидин Диздаревич бұл жобаның озық елдер тұтынысындағы тәжірибе екенін айтады.IMG_3290
"Бұл – Қостанай облысы ғана емес, тұтас Қазақстан үшін алғашқы жоба екенін білеміз. Сондықтан біз шақырту алысымен Қостанай және Ақмола облыстарындағы сүт фермаларының өкілдерімен тәжірибе алмасуға келісімімізді бердік. Ауыл шаруашылығы дамыған әлем елдері қолданысқа енгізген заманауи құрылғы жұмыстың өнімділігін, өнімнің сапасын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", – дейді австриялық магистр Ф.Цехнер.IMG_0428
Сарапшының түсіндіруінше, бұл технологияның артықшылығы мынада: "болюс" атты арнайы құрылғы сиырлардың ауыз қуысы арқылы қарнына жіберіліп, сол арқылы жануардың жалпы жағдайын, негізгі физиологиялық параметрлерін толықтай бақылап отыруға болады. Әр бес минут сайын температура қадағалауда ұсталады. Бұл жануардың ауру-сырқауының алдын алуға таптырмас тәсіл. Сондай-ақ, қозғалыс белсенділігі туралы ақпарат беріліп отырады. Ол арқылы сиырдың ұрықтандыруға әзірлігін анықтауға болады әрі сүттілігі үшін қандай көлемде құнарлы азық беруі керектігін есептеуге ыңғайлы. Әлем бойынша әзірге теңдесі жоқ осынау "болюс" құрылғысы, шамамен, сиырдың ішкі құрылысында бес жылға дейін сақталады екен.IMG_3249
 
IMG_0421
IMG_0492Сонымен, өңірді сүт өнімдерімен қамсыздандырып отырған фермалардың бірегейі – "Садчиков" серіктестігі ел бойынша бұл тың технологияны ең алғашқы болып қолданысқа енгізгелі отыр. Ферма қызметкерлерінің бұған дейін Австрияда оқып келгенін айта кеткен жөн. Яғни жаңа жоба бойынша жұмыс істеуге әзір. IMG_0464
IMG_0454
IMG_0448Ал еуропалық сарапшылармен ымыраласқан "АгриКАС» ЖШС директоры И.Сулименконың айтуынша,  бұл әзірге қанатқақты жоба түрінде қолданыста болады.
"Біз бүгіннен бастап 32 бас сиырға сынақ жүргіземіз. Біздің компания Австриялық Smaxtec компаниясымен бірігіп, мұны ақысыз іске асырады. Жүйе 3 ай бойы тестілеуден өтеді, – дейді ол. – Осы уақыт ішінде мұның экономикалық тиімдігі қадағаланады. Содан кейін ғана кәсіпорын соны технологиямен жұмыс істеудің қажетті-қажетсіздігі туралы шешім қабылдамақ. Егер бәрі ойдағыша болса, болюс фермадағы барлық 740 сиырға қолданылатын болады".
Апталық аясында "Ақылды сүт фермасы – әлемдік тәжірибе" атты дөңгелек үстел өтіп, тың жоба туралы ақпарат қостанайлық фермашыларға бүге-шігесіне дейін түсіндірілді.
 
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓