Бизнеске – студенттік шақтан
Бүгін Рудный индустриялық институтының базасында Еуразиялық Топтың бастамасымен қолға алынған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының қатысушыларына арналған ойындар топтамасы басталды.

?
Институттың 100-ге тарта студенті топ-топқа бөлініп, «Project Day» және «Кемел Кәсіпкер» чемпионаттарында өздерінің қызықты идеяларын ортаға салды.

?
Бірінші ойын жоба құрастырумен байланысты. Тапсырманы орындау үшін әр командаға 4 сағат уақыт беріледі. Чемпионаттың ережесі бойынша ұсынылған жобалардың барлығы коммерциялық сипатта болуы тиіс. Жастар өз идеясының мәні мен мазмұнын, жүзеге асыру қадамдарын, қоғам үшін маңыздылығын 5 минуттық таныстырылымға сыйдыру шарт.

?

?
Чемпионаттың қорытындысы бойынша ең үздік жеңімпаз студенттер «Summer Boot Camp» жазғы оқыту лагеріне жолдама алып, өз жобаларын жүзеге асыру үшін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
























