“Халық алғысы” медаліне кімдер лайық?
Қазақстанда коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттау үшін "Халық алғысы" медалі тағайындалмақ. Мемлеет басшысы жарлығының тиісті жобасы "Ашық үкімет" сайтында жарияланды."Медальмен коронавируспен күресте ерекше көзге түскен ҚР азаматтары марапатталады. Марапатқа лайықтыларды ҚР Президентіне Парламент палаталары, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент, облыстар әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер ұсынады" делінген марапаттау тәртібінің ережесінде.
Медальді Қазақстан Президенті өз қолымен тапсырады. Сондай-ақ, оның атынан және оның тапсырмасы бойынша награданы: мемлекеттік хатшы, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері және Президент уәкілеттік берген басқа да лауазымды адамдар тапсыра алады.