Жұмыла сенбілікке шығамыз
16-сәуір – қаланы жаппай санитарлық тазалау күні. Барлық мекеме, аудан, қала, ұйым қызметкерлері сенбілікке шығады.
-Сенбі күні қажет деп тапсаңыздар, қысқа жұмыс күнін жариялап, барлығы сенбілікке шығуы тиісті. Қыстан шыққан қалдықтарды тазартып, бір ретке келтіру қажет, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық әкімдікте өткен мәжілісте.
Биылғы жылы облыста қатарынан екі ай қаланы тазалау айлығы жарияланғанын естеріңізге сала кетейік.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА