Ұзынағаш ӨЗ ҰЛЫН ұлықтады немесе танымал тұлға Оралхан Таңжарықов 70 жаста

IMG_9735Ұзынағаш  ауылында тағылымға толы бір той өтті.  Әйтеуір, ауыл тұрғындары мен қонақтары таң атқаннан кеш батқанға дейін қызық думанның куәсі болды. Мұндай той бұл арада көптен бері ұйымдастырылған жоқ.  Оны жергілікті тұрғындардың өздері айтады.
Белгілі қоғам қайраткері, Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, белгілі меценат Оралхан Таңжарықовтың 70 жылдық мерейтойы, өзі туып-өскен Ұзынағаш ауылында кеңінен аталып өтілді. Бұл дүбірлі тойды ұйымдастыруға сол Қарақоға селолық округінің азаматтары, яғни Қараталдың атпал азаматтары мұрындық болыпты.
Еліміздің Әнұраны орындалып, ту көтеру рәсімі өтті. Оны кезінде Орекеңмен бірге қызмет атқа-рысқан жерлестері, бүгінде өздері де ақсақалдық жасқа жеткен Сапаржан Яғалиев сынды еңбек ардагерлері көтерді. Ашық аспан астындағы сахнада белгілі өнер шеберлері – Қадыр және Майра Қаржауовтар, Алғашбек Сүлейменов  той көркін әсем әуендермен көмкерді. Айтпақшы, дәл осы жерде мерейтой иесіне құттықтау сөз  айтқандар да аз болған жоқ. Қадірменді қария, ертеде ұзақ жылдар бойы басқару қызметінде болған Қажи Маманов ақсақал, белгілі кәсіпкер, ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Серікбай Бисетаев, "Қарқын" ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов тәрізді ел ағалары өздерінің ақжарма тілектерін ақтарып салды. Және қандай той тарту-таралғысыз өткен. Сәкең бастаған бір топ жігіттер мерейтой иесінің иығына шапан жауып, астына ат мінгізді.
Айбек
      КӘДІРҰЛЫ
Суретте:  О.Таңжарықов тойынан көрініс.
Суретті түсірген автор.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓