Жаңа жолдау – жаңа басымдық!

Өздеріңізге мәлім, жыл басында мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы ұсынылды. Жастарды Отан сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Қостанай қалалық мешітінде «Жаңа жолдау- жаңа басымдық» атты кездесу кеші өтті. Н. Островский атындағы қалалық кітапхана ұжымымен бірлесе ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің алғы сөзі Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлына берілді. _MG_2164Осы мәжіліске арнайы шақырылған Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің ұстазы, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып мемлекеттің болашағы үшін, келешек жастарға жасалған мүмкіндіктер жайлы сөз тарқатты._MG_2240Ал, Қостанай политехникалық колледжінің жастар комитетінің төрағасы Дастан Беков тәуелсіз Қазақстан азаматы ретінде мемлекеттің болашағы үшін аянбай қызмет ету керек екенін айтты. Мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы келіп отырған қонақтар мен тыңдаушыларға рухани азық боларлық тұшымды уағыз айтты.
Қостанай қаласындағы гуманитарлық және экономикалық колледжінің студенттері белсенділіктерін танытты. Кітапхана тарапынан модераторлық қызмет ұсынылып, қатысқандардың назарына  слайдтар  ұсынылды.
                                                         
   Дархан Қосылбаев,
Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓