Балалар арасындағы туберкулездің алдын алу

Міне, осы мақсатта қыркүйектің 1 мен 7 аралығында еліміздің барлық мектептерінде "Денсаулық сабағы" апталығы өткізіледі.
денДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше 2012 жылы құрт ауруының 8,6 млн. оқиғасы, ал өлім-жітім бойынша 1,43 млн. жағдай тіркелген. Жалпы, иммундық жүйесі төмен әрі жеткіліксіз тамақтанатын, темекіні көп тартатын адамдарда туберкулезді жұқтыру қаупі жоғары көрінеді. Мамандар балалар арасындағы туберкулез ауруын медицина қызметкерлерімен анықтау және емдеудің де қиынға соғатындығын айтады.
– Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі және салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін бұл шараның басты мақсаты да осы балалар арасындағы туберкулездің алдын алу және оны болдырмау. "Денсаулық сабағы" акциясы аясында оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін жақсарту, олардың қауіпсіз мінез-құлықтық жауапкершілігін қалыптастыру және туберкулезді анықтау, диагностикалау, емдеу, алдын алу мәселелері ақпараттандырылатын болады, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеологы Роза Тәшенова.
Сондай-ақ, аталмыш шара барысында өңірдегі барлық білім ошақтарында мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел, семинар-тренингтер, пікірталастар мен дебаттар, түрлі байқаулар  ұйымдастырылатын болады.
Қарлығаш
   ОСПАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓