“Мобильді кеңсе” Жамбылда болды

Қостанай облысының шалғайдағы елді мекендеріне, сондай-ақ қордың бөлімшелері жоқ ауылдардың тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 17-ші сәуірінде “Мобильдік кеңсе” пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Бұл жоба біздің облыстан бөлек, Алматы және Атырау өңірінде де жүзеге асырылуда.IMG_9634
 
IMG_9630
IMG_9637
IMG_9648Бүгін “Мобильдік кеңсе” Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болып, филиал мамандары тұрғындарға тегін кеңес берді. БЖЗҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Базар Есмағамбетовтың айтуынша, “Мобильдік кеңсе” жобасы аясында облыста бүгінге дейін осындай төрт рет көшпелі шара өткізіліпті.IMG_9656
 
IMG_9660
IMG_9680
IMG_9667Жобаның тиімділігі, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. Сондай-ақ, бұрын мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, “Мобильдік кеңсенің” артықшылығы, мұнда барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталған. Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық та қарстырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсетеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓