Жас дарындар додасы

Қостанайда балалар мен жасөспірімдер арасында халықаралық «BURABAY SUMMER FEST» телевизиялық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі басталды. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырлған шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Бұл фестиваль тікелей Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жарияланып отырғанын айта кету керек. indexФестивальдің басты мақсаты – дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларды жан-жақты қолдау, шығармашылық қабілеттілігін дамыту, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, рухани және мәдени құндылықтармен алмасу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
index1
index2Ауқымды шара облыстық мәдениет басқарамасы және облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен бастау алды.
– Аймағымыздың әр өңірінен 19 өтінім келіп түсті. Үміткерлер хореография, вокал, көркемсөз оқу жанрлары бойынша сынға түсіп жатыр. Облыста жеңімпаз атанғандар 22 маусымнан бастап Бурабай қаласында өтетін үлкен додада бақ сынайды. Ал онда үздік танылғандар Елордамыздың 20 жылдығына арналған басты концертте өнер көрсететін болады, – деді облыстық білім басқармасы білімді дамытудың өңірлік орталығының әдіскері Салтанат Нұрманова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓