Бірлік бар жерде…
Облысымыздағы "Грин" азаматтық альянсы қоғамдық қорында Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
– Азаматтық қоғам институты еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де, дейін де жұмыс істеп келгені белгілі. Қазақстандағы үкіметтік емес секторы билік пен халық арасындағы байланыс қызметін атқаратын, көпшіліктің талап-тілектерін жоғарыға жеткізе алатын іргелі ұйымға айналды деп айтуымызға болады. Сондықтан да, қоғамдағы өзгерістер мен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты осы кезеңде еліміздегі тұрып жатқан барша халық бірлесе бірігіп, жұмылып жұмыс атқаруы қажет деп ойлаймын. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың көтеріп жүрген, айналысып жүрген мәселелері де ауқымды. Атап кетсек, ҮЕҰ 26 пайызы әлеуметтік қорғау саласында, салауатты өмір салтын насихаттау барысымен осы ұйымдардың 17 пайызы, жастар мен балалармен 15 пайызы жұмыс істейді. Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар жобалар, форумдар, жобалар мен идеялар жәрмеңкесінің конкурстары ұйымдастырылады. Қазір Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан, атқарылуы тиіс мәселелер жетерлік. Ең бастысы жұмыстарымызды табысты болуы үшін үкіметтік емес секторы мемлекетік органдарымен, бизнес өкілдерімен тығыз байланыса отырып, ынтымақтаса жұмыс істеуіміз қажет, – деді бізге облыстық "Грин" азаматтық альянсы қоғамдық қорының жетекшісі Динара Өтебаева.
Гүлназым САҒИТОВА