Жалпыұлттық жиналысқа қатысу үшін…

ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық жұмыс берушілерден 15 мамыр күні өтетін оқушылар жиналысына ата-аналарды ертерек босатуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Screenshot_2018-05-12-10-35-35-1Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады.
«Бұл осымен екінші жиналыс. Өздеріңіз білесіздер, орташа есеппен алғанда жиналыстарға ата-аналардың 10-15 пайызы ғана барады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа оқушылардың 80 пайызының ата-аналары келді. Яғни бұл жақсы көрсеткіш. Биыл да осындай деңгейде келеді деп жоспарлап отырмыз. Осы орайда министрлік атынан барлық жұмыс берушілерден, оның ішінде меморгандардан 15 мамырда ата-аналарды ертерек босатуды сұраймыз. Ата-аналар уақытылы мектепке келіп, балалары оқып жүрген білім ордасының өмірімен егжей-тегжейлі танысуы керек», – деді Ерлан Сағадиев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓