“Тойота” тығырыққа тірелді

Алдағы айдан бастап Қостанайдағы "Сарыарқаавтопром" зауытында жол таңдамайтын Toyota Fortuner көліктерін құрастыру жұмыстары тоқтатылады.
"Тойота Моторс Қазақстан" ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда  Fortuner көліктерін шығару тоқтатылады, ал машинокомплекты құрау немесе автокөліктерді ҚР-на кіргізу әзірге жоспарда жоқ.rG9P6ff6G4_GHzWGWk8p0Q=s800Бұған дейін айтылмыш көлік маркасы Қостанайдағы "Сарыарқаавтопром" зауытында шығатын. Машина құрастыру жұмыстары 2014 жылдан бастап қолға алынған еді. Әуелде компания әлеуеті жыл сайын көліктің 3000 данасын шығаруға қабілетті болатын, алайда бәрі ойдағыдай болмай шықты. Қолда бар ақапартқа сүйенсек, зауыт бір жылда бар-жоғы 300-ге жуық көлік құрастырған.  Жол талғамайтын Toyota Fortuner темір тұлпарына сұраныс болмауының басты себебі – қымбатшылық. Көліктің бұл түрі қазақстандықтардың қалтасына тым ауыр тиген. Базалық нұсқадағы үлгісінің құны – 39 200 $ (13 038312 тг)
Компания 2015 жылы бағаны түсірген болатын, оң өзгерістер байқалды, бірақ айтарылқтай емес. Өткен жылы бас-аяғы 570 машина сатылды. Кейін қайта түгесілді. e7321ac1737e6f356094bf435f4Мамандардың айтуынша, дағдарыстың екі себебі бар: Біріншіден, автомобильдерге тұтынушылар тарапынан сұраныс болмады. Екіншіден, Fortuner моделінің техникалық регламенттерге берілген сертификатының қолданылу мерзімінің тез аяқталуы. Айналып келгенде, бұның бәрі артық шығынға келіп тіреледі.
Ал зауыттың өзіне келер болсақ, "Сарыарқаавтопромның" жаңа жоспарлары бар. Мәселен, елімізде Қытайдың JAC маркалы жеңіл автомобилі кеңінен танылуда. Алдағы жылдың сәуір айынан бастап Қостанайда жоғары сапаға ие модельдерді, толық циклді шағын кроссовер  JAC S3 маркасын құрастырады. Болашақта осы машиналарды Ресейге және Белоруссияға жеткізу көзделіп отыр.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓