Қостанай жұрты Жеңіс күнін тойлауда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жеңіс күніне арналған мерекелік шара Қостанайдың орталық алаңынан бастау алды. Облыстық қазақ және орыс драма театрларның әртістері сұрапыл соғыс замандарынан қойылым көрсетіп, өнерпаздар әннен шашу шашты. Бұдан соң облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиналған жұртшылықты құттықтады.8c67438d-2b29-4e67-919f-07f437ee08e1
34ee3651-ab3f-4a46-9be2-c0b7dfc59bea-Миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыстың аяқталғанына бүгін тура 73 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс 1700 қала мен кентті күйретті, бірнеше мың кәсіпорын істен шықты. Бірақ, аталарымыз бен әжелеріміздің арқасында бейбіт күн кешіп отырмыз. Соғыс кезінде қостанайлықтардың да алдыңғы шепте жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Біздің облысымыздан 73 мыңнан астам сарбаз соғысқа аттанды. Солардың 24 мыңнан астамы ұрыс алаңдарында, 3,5 мыңы госпитальдарда алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы 16 мыңға  жуық солдат хабарсыз кетті. Айта кету керек, Қазақстанға  ондаған  әскери  зауыттар  көшірілді,  олар да  ерлер  ғана  емес,  сондай- ақ  әйелдер,  қарттар,  балалар жанқиярлықпен  еңбек  етті.  Соғыс  жылдарындағы  барлық ауыртпалықтар  солардың  иықтарына  түсті.  Тек Қостанайға ғана 10 кәсіпорын мен мекеме жіберілді. Облыс орталығында бірнеше көшірілген госпитальдар, Сталинград әскери-авиация училищесі орналастырылды,- деді Архимед Мұхамбетов. 073ca3e0-e165-471d-89e9-65a610771e04Бүгіндері Қостанай облысында 165 ЕДС ардагері тұрады. Сондай-ақ облыс басшысы биыл соғыс ардагерлерінің құрметіне Даңқ аллеясы ашылатынын мәлім етті.02235c1e-df1c-4941-8871-b9709d687848
19d2344f-1c74-4a4d-82e3-544a7d35785e-Отан үшін жан қиғандар – кешегі тарихтың көзі. Жалпы Қостанай облысында соғыс ардагерлерінің құрметіне 295 ескерткіш орнатылды, облыс орталығындағы бірнеше көше солардың есімдерімен аталады. Ленинград үшін болған ұрыста жау амбразурасын денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетов, Днепрдің батысындағы  Медвин ауданында дұшпанның 3 танкісін, қару тиеген 7 машинасы мен бір батальонға жуық әскерін жойған Естай Есжанов атамыздың ерлігі аңыз болып айтылады. Міне, осы жылы батыр бабаларымыздың құрметіне Даңқ аллеясын ашамыз», – деді өңір әкімі.
1e2e1acb-f73a-4fd1-9471-e18ceff89256
7d3c9d66-7221-4e98-a308-c508e950533e
a636f2c6-4b97-45c8-9fa3-7205c0a3e2a7Даңқ аллеясы қала орталығындағы «Жеңіс» саябағынан ашылмақ. Құрылысы жауық арада басталады. Онда соғыс ардагерлеріне арналған 31 ескерткіш бой көтереді.
Орталық алаңнан "Жеңіс" саябағына дейін жүріп өткен көш саябақтағы даңқты жауынгердің және шаһит болған сарбаздар тізім жазылған тақтаға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
85a1ed5d-002d-432f-9365-d64abae8d357
52cee6ff-6bf4-43ca-b4a3-87a977e675fc
554c8a6a-2d82-4368-8fb0-2093890ee001Қостанайлықтар Жеңіс күніне арналған мерекені саябақ аумағында жалғастырды. Олар табиғат аясында солдаттар ботқасын жеп, қару-жарақтар көрмесін тамашалауда. 63c58f9b-1227-4978-9628-06ef721af2fe
cbbe6ccd-98c6-4889-be86-54f40b3b9f93
4297fefb-a036-44b2-bcc9-b891c16bb2ee
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
Суреттерді түсріген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓