Бірлігі бекем елдің еңсесі биік
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті.
Сессияға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, облыстық аналар кеңесінің өкілдері, басқарма басшылары мен этномәдени бірлестіктердің қызметкерлері қатысты. Биыл Қостанай облысының құрылғанына – 80 жыл. Маңызды мерейтойлық датаға орай арнайы жоспар бекітіліп, облыс аумағында әртүрлі жұмыстар жасалып жатыр. Сондай іс-шараларға шаһардың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан туған жер перзенттерінің қатысуы ерекше әсер қалдырады. Туған өлкені түлету жолында тер төккен тұлғалардың естеліктері жас өскіндер үшін қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Еңбек ерлерінің есімдерін жаңғырту мақсатында Қостанай облысының Еңбек даңқы кітабы дайындалып жатқаны да белгілі. Кейінгі толқынға өнегелі ісімен үлгі болған еңбекқор жерлестеріміздің арасында Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорованың өзіндік орны бар. ҚазақССР-ның еңбек сіңірген агрономы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына арнайы келіп қатысты. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов дала төсінде түлеген еңбек ерін Құрмет Грамотасымен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.-Агроном ретіндегі алғашқы қадамымды Қостанай даласында бастадым. Қостанай және Таран аудандарында кезінде қолға алынған жұмыстар жергілікті халық пен билік басшыларының қолдауынсыз жүзеге аспаған болар еді. Сондықтан, облыс халқының алдында бас иемін. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Шағын ұйым тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қарқынды жұмыс істеді. Бұл күндері бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделіне айналып отыр. Мен Қостанай тұрғындарының бейбітшілік бесігінде тербеліп, ауызбіршілікте өмір сүргенін қалаймын. Бірлігі бекем елдің келешегі жарқын,-деді Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова.Құрметті агроном өз сөзінде тың игеру жылдары атқарған қызметі мен алған марапаттары туралы естелік айтты. Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі Әлімжан Бекмағамбетов, өңірдегі «Аналар кеңесінің» төрайымы Лилия Саркисян, «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрайымы Зүлфия Нәбиева баяндама жасады.
-Бір шаңырақ астына жиналған әртүрлі этнос өкілдері ел бірлігінің арқасында тамаша табыстарға қол жеткізді. Тұрақтылық пен келісім әр азаматтың, әр басшысының күн сайынғы жұмысы. XXI ғасырдың басты заңы татулық. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің алдымызға қойған басты тапсырмасы. Ендігі жерде мемлекеттік саясаты ел бірлігін нығайта отырып, стратегиялық даму бағдарламасын іске асыруға бағытталуы тиіс,-деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің озық үлгісіне айналды. Қазіргі уақытта Қостанай облысында жүзден астам этнос өкілдері өмір сүруде. Сондай-ақ 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ел бірлігін ту еткен этномәдени бірлестіктердің жанынан жексенбілік мектептер ашылған. Онда әр этностік ана тілін, мәдениеті мен әдебиетін оқытады.

Қымбат ДОСЖАНОВА .
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.