Даңқ аллеясы ашылады
Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов биыл соғыс ардагерлерінің құрметіне Даңқ аллеясы ашылатынын мәлім етті.-Отан үшін жан қиғандар — кешегі тарихтың көзі. Жалпы Қостанай облысында соғыс ардагерлерінің құрметіне 295 ескерткіш орнатылды, облыс орталығындағы бірнеше көше солардың есімдерімен аталады. Ленинград үшін болған ұрыста жау амбразурасын денесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетов, Днепрдің батысындағы Медвин ауданында дұшпанның 3 танкісін, қару тиеген 7 машинасы мен бір батальонға жуық әскерін жойған Естай Есжанов атамыздың ерлігі аңыз болып айтылады. Міне, осы жылы батыр бабаларымыздың құрметіне Даңқ аллеясын ашамыз», — деді өңір әкімі.
Даңқ аллеясы қала орталығындағы «Жеңіс» саябағынан ашылмақ. Құрылысы жауық арада басталады. Онда соғыс ардагерлеріне арналған 31 ескерткіш бой көтереді.
Даңқ аллеясы қала орталығындағы «Жеңіс» саябағынан ашылмақ. Құрылысы жауық арада басталады. Онда соғыс ардагерлеріне арналған 31 ескерткіш бой көтереді.