Балық аулауға тыйым салынды
Балық және басқа да су жануарларының көктемгі уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен төмендегі өзен-көлдерде балық аулауға уақытша тыйым салынды.
1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Аманкелдi, Жангелдi аудандарының су айдындарында:
шортан – 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;
2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
мөңке – 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
шортан, аққайран – 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) Торғай мемлекеттiк табиғи қорықтың (зоологиялық) аумағында орналасқан су айдындарда 15 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта балық аулауға;
4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта:
сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында.
Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
2) Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында.
Маржангүл Дәндібаева,
Қостанай облыстық орман шаруашылығы жане жануарлар дүниесi
аумақтық инспекциясының бас маманы.